Қазіргі таңда оқу процесінде пәндерді оқытуда үйрету және тестілеу бағдарламалары кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартында электронды басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы деген анықтама берілген. Ал электрондық оқулық дегеніміз - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
KVISOFT FLIPBOOK MAKER PRO БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
Айгуль Елепбергенова (Талдыкорган, Казахстан) | Download article