АУДИТ КОМПЬЮТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛІК ОРТАДА

  Айгуль Искакова, Шынбай Гульбану, Есенбекова Сабина (Астана, Қазақстан) |    Download article

Қазіргі ХХІ-ші ғасырда, ғылым мен техниканың қадамдап алға басу заманында компьютердің атқаратын қызметінің күн санап артуын, аудитте де өз орнын тапқанын көрсету болып табылады. Осы дербес компьютерлердің арқасында адамдар көптеген жұмыстарды сапалы және аз уақытта орындай алатын болды. Егерде компьютер болмаған кездерде белгілі бір мамандарға өздеріне керек жұмыстарды айлап, жылдап орындайтын болса, қазіргі жахандану немесе компьютерлердің жақсы даму заманында осы жұмыстарды мамандар бір күнде немесе бір айда орындай алатын болды. Осы компьютердің адам өміріне сенімді қадам басып енуі, айтып өткендей, аудитті де тыныштықта қалдырмады! Жалпы алғанда аудит дегеніміз бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы обьективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделіпайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесс.[1]