БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  Ляззат Кабанбаева, Сымбат Абдигалиева (Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы) |    Download article

Рухани-адамгершілік қатынастар (РАҚ) мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің РАҚ жағдайы туралы байқау, белгілеу эксперименттері барысында алынған мәліметтер бізге студенттердің РАҚ дамуының бірнеше жүйелі кезеңдерін анықтауға және ол қатынастардың психологиялық-педагогикалық жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Болашақ мұғалімдер РАҚ дамуының кезеңдері РАҚ дамуы моделіне енгізілген, онда төмендегідей блоктар көрсетілген: дамудың ішкі факторлары (студент тұлғасының қатысым, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіруіндегі қажеттіліктер; өзінің және басқа адамдардың ішкі әлеміне деген қызығушылық); дамудың сыртқы факторлары (ЖОО-дағы жалпы білім және тәрбие беру кеңістігіндегі рухани-адамгершілік атмосфера, оқытушы-профессорлық құрам әрекеті, білімгерлердің әрекеті); болашақ мұғалімдердің рухани-адамгершілік қатынастарына когнитивті, конгитивті-әрекетті және сезімдік-әрекеттік ықпал ету кезеңдері, тұлғаны дамытудың формалары мен әдістері, іске қосу механизмдері (идентификация, рефлексия, түсіну және әсерлену, жанамалық).