ҰЙЫМДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ЕСЕП САЯСАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  Лаура Байтуова, Айгуль Ахметжанова, Дина Сарсенова (Астана, Қазақстан) |    Download article

Нарықтық экономикаға өту барлық басқару жүйесін өзгеріске ұшырауына алып келді. Кез – келген басқару жүйесі сәйкесінше белгілі бір мәліметтерге сәйкес орнықтырылады. Ұйымның кез–келген түрінде мәлімет-тер жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп құрастырады. Ұйымдарды иелік етудің түрлі меншік түрлерінің пайда болуы, нарықтық құрылымның пайда болуы, яғни әр ұйымның есеп саясаты болуы керек. Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау. Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.