ҚОНЫСТАНУ ЖҮЙЕСІ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ

  Зауре Ауезова, Алтынқори Даулетқызы (Казахстан, Астана) |    Download article

Нарық жағдайындағы халық қоныстану процесі мен оның нәтижесін зерттеу экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның, сонымен қатар халықтар географиясының басты мәселелерінің бірі. Қоныстану жүйесі қазіргі кезде қалалық және ауылдық болып бөлінеді.Бұл жүйе тек Қазақстан Республикасында ғана емес, жағын шет елдерде және т.б. мемлекеттерде сақталған. Қазақстан үшін қоныстану- халықтың табиғи қозғалысы мен көші-қон үрдісіндегі аумақтық айырмашылықтар нәтижесі. Аумақтық айырмашылықтар көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталады. Халықтың ұдайы өсуі әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етеді [1,2].