Күрделі тіршілік цикліне ие сорғыш құрттар көп уақыттан бері әртүрлі гельминтологиялық зерттеулер объекті болып келді. Зерттеушілердің назарын негізінен омыртқалы жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін гермафродитті ұрпақ (марита) аударды. Себебі олар көптеген зілді аурулардың қоздырғышы болып есептеледі. Бірақ сол аурулармен күресу үшін тек ғана гермафродитті ұрпақты үйрену жеткіліксіз. Сорғыш құрттардың тіршілік циклі иелердің әртүрлі категорияларында тіршілік ететін бірнеше ұрпақтардың алмасуын өз ішіне қамтиды. Бірінші аралық иенің қызметін моллюскалар орындап, олардың организмінде маританың дернәсілі болып есептелінетін церкарияларды өршітетін партеногенетикалық ұрпақтың ( спороциста және редия ) қалыптасуы өтеді. Бұл жағдай моллюскалардың трематодофаунасын үйренудің қажеттігін күн тәртібінде біздің алдымызға қояды. Алғаш рет Шортан – Бурабай курортты аймағы моллюскалардағы трематодфауна 2010-2012 жылдары паразитологиялық әдістермен зерттелді. Осы аймақтағы көлдерден сорғыш құрттардың дернәсілдерінің 18 түрі табылып, олардың морфологиясы анықталды. Осы паразиттерменен тоспаұлудың залалдану жағдайының иенің жасына, жыл маусымына тәуелділігі зерттелді. Территорияда трематодтардың патогенді формалары анықталды.
БУРАБАЙ КӨЛДЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ ПАРАЗИТТЕРМЕН ЗАЛАЛДАНУЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІ
Балауаса Утебаева (Қостанай, Қазақстан) | Download article