НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР БОЙЫНША ЖАЛ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  А. Мирасбекова, А. Оспанова (Астана, Казақстан) |    Download article

Елбасы Н.А.Назарбаев әр уақытта халқымыздың әл-ауқатының күшейуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына, ел экономикасының қарқынды дамуына бас назар аударып келеді. Бүгін Қазақстан дамыған елдердің қолданған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар қаржылық есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.