АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛЫРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ

  Лена Хуаныш, Сабина Есенбекова, Айгерим Игисинова (Астана, Қазақстан) |    Download article

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан 2030» Бағдарламасы ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.