АДЫРАСПАН – PEGANUM HARMALA L.

  Назгуль Чотбай, Ақмөлдір Чотбай (Талдыкорган, Казахстан) |    Download article

Биіктігі 40-50 (70) см жететін, өзіне тән телімді иісі бар, көп сабақты, жайылып өсетін көпжылдық шөртесін өсімдік. Топыраққа 3-5 м еніп жататын, тамыры қара-қоңыр түсті қабықпен қапталған, мықты, сүректі, қалыңдығы көлденеңінен 3-5 см болады. Сабақтары бұтақталған, қатпарланған, сайшалы, жалаңаш, тегіс және қалың жапырақтанған. Жапырақтары отырыңқы кезектесіп орналасқан, ұзындығы 4-5 (7) см, ені 5,8-6,5 см алақан тәрізді бөлінген үш сегментке бөлінген. Олардың бөліктері ұзынша, жіңішке, үшкірленген, етті, жалпақ, созылған және үшкір бұрышта ажырайды. Бөбешік жапырағы шөптесін, қандауарша біз түрінде болып келеді.