ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КРЕАТИВТІЛІК МАЗМҰНЫ

  Бақыткүл Есентаева (Талдықорған, Қазақстан) |    Download article

Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту Тұжырымдамасында «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек» деп көрсеткен[1, с. 6]. Осыған орай, біздің ойымызша, студент бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына креативті шығармашылық көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да, ол өзіне-өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек екендігін байқайды, себебі, адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысында көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілектерін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде креативтілік ұғымы индивидтің жеке және ақыл-ой ерекшеліктерін, мәселелерді дербес шеше алуға қабілеті бір тума ойлардың туындауы және оларды шеше білу кешенімен түсіндіріледі. Креативтілікті индивидтің жеке және тұлғалық ерекшеліктерімен көптеген тұлғаларға тән үрдіс және кешен деп қарастыру қажет.