СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

  Куралай Балкаева (Кызылорда, Казахстан) |    Download article

Жоғары оқу орнында оқытудың кредиттік жүйесіне көшуде студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды зерттеуге арналған тәжірибелік-эксперименттің нәтижесінде студенттер қоғамдағы ақпараттың рөлі мен мәнін, ақпараттық ресурстардың негізгі қасиеттерін меңгерді, ДК құрылғылары мен қызметін, ОЖАТ-ын басқарудың дұрыс амалдарын пайдалануды үйренді, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындауға қол жеткізді. Студенттердің ДК жұмыс жасай білу икемділігі, ДК ақпараттық үдерістерді орындай білу икемділігі, өз білім қорын кәсіби құнды ақпараттармен толықтыра білу икемділігі т.б. қалыптасты.