Бағдарламалық жасақтама (БЖ) деп бағдарламалардың және олармен бірге жүретін қолданбалы есептерді шешу үшін есептеуіш машинаны қолдануға мүмкіндік беретін құжатнаманың жиынтығын айтады. Жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама деп бөлінеді. Қолданбалы БЖ-ге нақты есепті немесе осындай есептер тобын шешу үшін қолданылатын бағдарламалар кіреді. Жүйелік БЖ-ге есептерді шешкенде және жаңа бағдарламаларды құрғанда барлық есептеуіш кешенінің келісімді жүмысы үшін қажетті бағдарламалар кіреді. Оған мыналарды жатқызуға болады: 1) Операциялық жүйе (ОЖ) - есептеуіш жүйенің (ЕЖ) барлық қорларын нәтижелі қолдану үшін және онымен жүмыс істеу ыңғайлы болу үшін тағайындалған жүйелік және басқарушы бағдарламалардың кешені. Қор деп ЭЕМ-ның кез келген логикалық немесе физикалық компонентін және оларға пайдалануға берілетін мүмкіншіліктерді айтады (негізгі қорлар процессорлық уақыт, жады және енгізу-шығару құрылғылары болып табылады) [1, с. 49]. Қазіргі ОЖ - кең таралған жүйелер - көп жағынан бір-біріне ұқсас. Ең алдымен бұл бағдарламалық жасақтаманың төзімділік талабымен анықталады. Дәл осы төзімділікті қамтамасыз ету үшін Р0SІХ (Portable OS Interface Based on Unix) қабылданған болатын. Бұл жүйе - орындай білуі тиіс файлдармен басқаруда, процесаралық байланыста ең аз функцияларды анықтайтын стандарт.