Қорғалжын қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42 суық болса, шілдеде температура 38 – 39 -қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалау-шылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Осы таңғажайып тіршілік мекенін қорғап, сақтау үшін қазіргі заманауи технологиялар қодану қажет [1].
ТЕҢІЗ ҚОРҒАЛЖЫН КӨЛДЕР ГЕОЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Меруерт Мусабаева (Астана, Казахстан) | Download article