Кіріспе. Лептоспирозға қарсы экономикалық және тиімді шара ол-вакциндеу. Қазіргі уақытта көптеген елдерде әр түрлі вакциналар даярлайды, олар: тірі, инактивтелген және т.б. Тірі вакциналарды дайындау үшін лептоспира штамдарын әр түрлі әдістермен аттенуирленеді: лептоспира штамдарын тауық эмбриондарына пассаждау арқылы, гамма-сәулелерімен, синтетикалық ортаға өсіру және стрептомицинге тәуелді мутанттар қолдану арқылы. Осы лептоспира штамдары пайдаланылған тірі вакциналар әр түрлі мемлекеттерде сыналған. Тірі вакцинаның апробация нәтижелері бір-біріне қарама қайшы. Бір ғалымдар осы вакциналардың жоғары имуногендігін айтса, екіншілері формалинмен, фенолмен иноктивтелген вакциналар тірі вакцинаға қарағанда тиімдірек деп санайды.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ЛЕПТОСПИРОЗЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНДІК ШТАМДАРДЫҢ ИММУНОГЕНДІК ЖӘНЕ ЗИЯНСЫЗДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Аманжол Макбуз, Жумагуль Киркимбаева, Светлана Ермагамбетова, Абдиразак Алтенов, Динара Сарыбаева, Гулсин Нургожаева (Алматы, Казахстан) | Download article