Кіріспе. Бүгінгі таңда елімізде «Ірі қара мал етінің экспортық әлеуетін дамыту» жобасы бекітілген (ҚР үкіметі қаулысы. № 877, 29.07.2011 ж.) Бұл бағдарлама бойынша 2015 жылға қарай сиыр етінің экспортын 60 мың тоннаға дейін, 2020 жылға – 180 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осындай келелі мәселелерді шешуде кедергі болатын, әлемде кең етек алған, зооантропоздар тобына жататын аурулардың бірі лептоспироз. Ауыл шаруашылық малдарының лептоспирозы өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелуде. Аурудың алдын-алуға вакциналар және ауруды емдеу әдістері ұсынылып, олар қолданылуда [1, с.212]. Соған қарамастан бұл ауру дүние жүзінде және біздің елімізде кеңінен таралған [2,с.65]. Ауру көрсеткішінің дамушы, тіпті дамыған елдер арасында жоғары болуына байланысты, халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары (World Organization for Animal Health, Food and Agricultural Organization, World Health Organization) лептоспирозды ғаламдық маңызға ие мәселе деп таныды [3,с.87]. Табиғатта лептоспиралар көптеген жануарлар организімінде және тұщы су көздерінде сақталады, сондықтан эпизоотологиялық үрдісті түбірімен жою мүмкін емес. Бірақ ауруды алдын алу және емдік шараларын жасауға мүмкіндіктер бар.Біздің жұмысымыздағы міндетемдік мақсатта гипериммунды қан сарысуын дайындау болып табылады.
ІҚМ ЛЕПТОСПИРОЗЫНА ҚАРСЫ ПОЛИВАЛЕНТТІ ГИПЕРИММУНДЫ ҚАН САРЫСУЫН ДАЙЫНДАУ
Биржан Бияшев, Кайрат Орынтаев, Ерсултан Шаяхмет, Мадина Булегенова, Арман Жылкайдар, Асель Жолдасбекова (Алматы, Казахстан) | Download article