ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН MAPLE БАҒДАРЛАМАСЫНДА МОДЕЛДЕУДЕ ІТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

  Сауле Нұрқасымова, Арай Жаныс (Казахстан, Нұр-Сұлтан қаласы) |    Download article

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде ендірілуі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. IТ-технологияларының кеңінен таралуы физика сұрақтарын шешуге, сонымен қатар виртуал лабораториялық жұмыстардың жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Ақпараттық технология, жалпы мағынада, әдетте, әлеуметтік және өндірістік қызмет процесінде жүзеге асырылатын ақпаратты өңдеу, күйін, қасиеттерін және сапалы көріну формасын өзгерту, көбейту, тарату және пайдалану әдістерінің реттелген жиынтығын білдіреді.