ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

  Қонырова Гүлнара «Білім берудегі менеджмент» мамандығының магистранты Атырау |    Download article

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Осыған орай Қазақстанда білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа жүйесі қалыптасуда. Халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Бірқатар нормативтік құжаттарда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарқынды, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау шарты ретінде қарастырылады.