Моноқалаларды дамыту – тек өңірлердегі әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешілуіне ғана емес, ең бастысы, өндірістік күштерді орналастыру мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Моноқалаларды дамыту арқылы тұрақты дамудың үш негізгі мақсатына қол жеткізуге болады: экономиканың тиімділігі, әлеуметтік тепе-теңдік және қоршаған ортаның тұрақтылығы. Себебі Қазақстандағы өндірістік күштер мен еңбек күшінің оннан бірі осы қалаларда орналасқан. Қазақстанда жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған зоналардың болмауы (заманауи қалалық инфрақұрылымдардың шоғырлануы, ақпарат каналдары, елді мекендердегі экологиялық қолайлы өмір т.б.) болашақ ресурстардың, яғни біліктілігі жоғары, мобильді жұмыс күшінің, инновациялық технологиялардың, ақпарат көздерінің шоғырлануына кедергі келтіруде.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
Акбаян Нуртазинова (Жезказган, Казахстан) | Download article