ЖАСТАРДЫ ЭТНОС СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  М.Б. Ахметкалиева (Талдыкорган, Казахстан) |    Download article

Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік қарым-қатынастардың дамуы барысында, жаһандану мәселесі ерекше бөлініп көзге түседі. Жаһандану процесін зерттеушілердің пікірінше, адамзат дамуының екі-ақ бағыты бар. Бірінші бағыт бойынша барлық этникалық мәдениеттер бір-бірімен араласып, ассимиляцияланады деп күтілсе, екінші бағыт бойынша олардың бір-біріне жалпы қарсы тұруы болжанады. Екі жағдайда да дамудың қайнар көзі -объективті әлеуметтік қарама-қайшылық — жоғалады, яғни ассимиляциялану кезінде әлсіз этностар мәдениеті жойылады. Бұндай жағдайда мәдениет қоғамдастықстары бірдей болады, ал жалпы қарсы тұру кезінде этностар мәдениетінің өзара әрекеттесуіне жол берілмейді. Бірақ, бұл аса күрделі мәселелерді шешудің тағыда бір жолы бар. Ол - этностар мәдениетінің бірін-бірі толықтыруы, олардың өзара ықпалдастығы мен жер бетіндегі тіршілікті сақтау. Өйткені, мәдениет диалогының өзара әрекеттесуінде ешбір мәдени қауымдастық өзіне тән ерекшеліктерін жоғалтпайды.