29–30 September, 2015
Математиканың есептерін шығарудың жоғары математика курстарында оқылатын көптеген әдістері бар. Мысалы сызықтық теңдеулер жүйесін Зейдель әдісімен шешу, функцияны интерполяциялау, Лагранждың интерполяциялық көпмүшелігі табудың көптеген әдістерін қарастыруға болады. Жоғары алгебра курстарында, функция кестесін толтыруға табуға онша көп көңіл бөлінбейді, себебі онда келтірілген классикалық әдістердің көпшілігі «қолмен» есептеулерді қажет етеді, осының салдарынан берілген функция кестесін толтыру, Лагранждың интерполяциялық көпмүшелігінің көмегімен сандық дифференциалдау өте күрделі есептеулерге алып келуі мүмкін. Сонымен бірге интерполяциялық көпмүшелік және функцияны толтыру және Зейдель әдісімен шығарылған сызықтық теңдеулердің дәл түбірін табу әрқашан мүмкін бола бермейді. Практикада теңдеудің коэффициенттерінің өзі жуық санды болатын теңдеулерді шешуге тура келеді.