КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

  А.О.Алдабергенова, Р.Е.Абдуалиева (Талдықорған, Қазақстан) |    Скачать статью

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі, оны жетілдірумен дамыту тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет. Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет. Осыдан мұғалімнің ролін арттыратын процесстер жүргізілуі тиіс. Бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы - педагог дәрежесіне көтерілу керек [1]. «Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», — деп Дистерверг айтқан болатын [2]. Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес. Мектепте компьютерді оқыту процесінде пайдалану мәселесі үлкен пікірталас туғызды. Кейбір адамдар мектепті компьютерлендіру оқушылардың жалқаулығын туғызады, — деп пікір туғызса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.