Аударманың осы түрін сипаттауда ескерілуі тиіс үш факторын арнайы аударма теориясы зерттейді. Біріншіден, түпнұсқаның белгілі бір түрге жатуы аударма үдерісінің сипатына ықпал етіп, аудармашыдан арнайы әдіс-тәсілдерді қолдануды талап еткізе алады. Екіншіден, аударма мәтінінің стилистикалық сипатын алдын ала анықтап, аударылатын тілдегі сол функционалдық стильге сай тілдік құралдарды таңдауды мәжбүр етеді. Және үшіншіден, осы аталған екі фактордың қосылуы нәтижесінде, екі тілдегі функционалдық стильдер арасындағы айырмашылықтармен байланысты аудармашылық ерекшеліктер пайда болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, аударманың арнайы теориясы аударатын және аударылатын тілдердегі функционалдық стильдер арасындағы өзгешеліктердің аудару процесіне әсер етуін зерттейді. Аудару процесінің барысы мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізетін функционалдық стильдерге байланысты кейбір тілдік ерекшеліктерді атап көрсетуге болады. Мысалы, ғылыми-техникалық стильде – ғылыми (мұнай-газ) мәтіндердің лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері, және ең бастысы, арнайы лексика мен терминологияның басымдылығы. Газеттік-ақпараттық стильде – саяси терминдермен қатар, мақала атауларының ерекшеліктері, газеттік клишелердің кең қолданысы, ауызекі сөйлеудің элементтері мен жаргонизмдер, т.б. [1].
ҒЫЛЫМИ –ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІАУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (МҰНАЙ-ГАЗ МӘТІНДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)
Асем Саржанова (Астана, Казахстан) | Скачать статью