Қазіргі кезеңдегі ұлттық шаруашылықты қайта қалыптастырудың басты мәселерінің бірі – экономиканың агроөнеркәсіп саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды – инновациялық дамуға үлкен мән беру болып табылады. Инновациялық үрдістер өзінің мәні бойынша ғылым мен өндірісті бейнелейді,техникалық, биологиялық және химиялық құралдар мен заттардың,технологиялар мен шаруашылықты жүргізу тәсілдерін үздіксіз қайта жаңалау, ауылшаруашылық өндірісін агроклиматтық факторлар мен нарықтың талаптарына сай, тауар өнімдеріне әлемдік стандарттарды қолдану үшін жағдай жасайды. Бұның барлығы ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өндірісінің интенсивтік дәрежесін көтеруге, инновацияны игерумен агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға және қосымша пайда алуға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) республикадағы экономикасы жоғары, потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірісітік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43 пайызы шамасы,экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.
ҚР АӨК ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Динара Жабыкбаева, ҚаҺарман Жақсылық (Талдықорған қ., Қазақстан) | Скачать статью