ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

  Нуриля Таштанова, Лена Хуаныш Асем Сатыбаева (Астана, Казақстан) |    Скачать статью

Қазақстан Республикасының экономикасының барынша бәсеке қабілетті болуы заман талабы, ал сол бәсеке қабілеттіліктін негізгі атрибуты болып есепке алу жүйесі мен қаржылық есептілік жүйесінің халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып жатыр. Бүгінгі таңдағы мәселеге үңілсек, Қазақстан Республикасында отандық бухгалтерлік есептілік стандарттарынан халықаралық есеп стандарттарына көшу жолы үстінде. Осы айтылып отырған жағдайды нақты қаржылық есепке толық тоқтала отырып түсіндіруге тырысайық, сонымен бүгінгі таңда, көп елдерде қаржылық есептіліктің екі халықаралық тілінің қолдау тауып отырғаның айтып өту керек. Ол: халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (International Financial Reporting Standards – IFRS) және АҚШ-ғы жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп принциптері (Generally Accepted Accounting Principles-GAAP). Халықаралық аренада бухгалтерлік есеп жүйесінде кәсіпорынның қаржылық есептілігі толықтылық және дәлділікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттар(IFRS,бұдан әрі ХҚЕС)-дың үлесіне тиіп отырғандығы әлемдік тәжірибе дәлелделін тауып отыр, осыған сай көп елдер ХҚЕС таңдауды дұрыс деп көреді. Осы жерден ХҚЕС-ке тоқталуға не себеп? Оның қажеттілігі, артықшылығы неде? Деген сауалдарға жауап беруге тырысайық, олар: - инвесторлардың қажеттілігін қанағаттандыру; - ұлтаралық корпорациялардың жұмысын жеңілдету; - бухгалтерлік мәліметтерді ортақ пайдалануға жол ашу. Жоғарыдағы тізімді толықтыра отырып, ХҚЕС-тің артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталып өтейік, артықшылықтар: -ХҚЕС әртүрлі мемлекеттің бухгалтерлерінің жинаған тәжірибелерінен құрастырылған;