МЕН ТАРИХИ ЭВОЛЮЦИЯСЫ "Би" сөзінің этимологиясы жайлы қазіргі күні бірауызды келісіліп-пішілген тұжырымды пікір жоқ. Бұл мәселеге алғаш көңіл аударған Ш. Уәлиханов "би" сөзінің түбірін көне түркінің "бек" және "бей" сөздеріне тіреп, оның негізгі мағынасы "сотты" білдіретінін атап көрсеткен-ді [1.87 ].Мүнан кейінгі уақытта А. Леонтьев "6и" сөзін "билеу" етістігінен туындата келіп, оның "басқарушы" мағынасында қолданылғанын айтса.В.В.Бартольд "би" төркіні" "бек" лауазымының нұсқасы, осман түркілерінде бұл термин "бем" формасында қолданылып, біріншіден, қара халықтан да, билеуші әулеттен де бөлек тұрған "шонжарларды", екіншіден, тайпа немесе рудың жетекшісі ретінде князьды, үшіншіден сөздің кең мағынасында кез келген "басқарушыны" білдіреді дейді .В.Бартольд тәрізді В. Радлов та "би" сөзінің үш түрлі мағынасын келтірген болатын: "би" - князь, патша (царь), қожайын (господин); "би" - сот (судья); "би" -дана, шешен. Кеңес дәуірінде жарык, көрген кейбір сөздіктерде "би" ұғымы осы В. Радловқа негізделе отырып "билеуші, қожайын, көсем, князь мағнасында түсіндіріледі [15.30].Кұрбанғали Халид "£ы — бектен, бек — бүюктен" қысқарған атаулар. "Бүюк — үлкен, зор" мағынасында айтылған" дейді120. Кейінгі зерттеушілер арасында мұндай тұжырымды О. Сүлейменов қайталайды[4,54 ].
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ТАРИХИ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Кенжебек Жылкыбаев (Астана, Казахстан) | Скачать статью