БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  Бораш Кенжебеков, Сәуле Нұрқасымова, Әсел Аубакирова (Казахстан Республикасы, Астана қаласы) |    Скачать статью

Құзыр латынның «competentis» – бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір қажетті оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір іс-әрекетті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі. Ал, кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті өз бетімен арттыруға бағытталған теориялық және тәжірибелік әзірлігі мен бәсекелестік қабілеттілігінің үндестігі. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл жеке тұлғаға сұраныс күшейе түсуде. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі (1).