КӘСІБИ-СПОРТТЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Окытушы: Кошкинбаев Жалгас Сейтбекович  |    Скачать статью

Спорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. «Спорт психологиясы» түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы халықаралық олимпиадалыө комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгресте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгрестен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 1920 жыл мен 1940 жылдар аралығында олардың зерттеу жұмыстары Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде белсенді жүрді. Бірақ осы кезде спорт психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді.