Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында әрбір баланың даралығын, бейімділігі мен қабілеттерін дамытуда «білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшуді» ұсынып, бала тек білім, білік, дағды жиынтығын меңгеріп ғана қоймай, тұлғасын дамытатын, қиындықты шеше алатын, әлеуметтенуіне және тәжірибені меңгеруіне мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді [1]. Қазіргі таңда педагогика ғылымында белгілі мәселені шешуде бірнеше тұғырлармен іс-әрекеттік, құзыреттілік, жүйелілік, кешендік, құрылымдық, социомәдениетті қаралып, бірін-бірі толықтырылады. Социомәдениетті тұғыр құндылықты қалыптастыру, адамның сыртқа ортаға жауапкершілік қатынасын, мәдениетке енуінің негізі, білім беру үдерісі мен ортасын ұйымдастыру, жалпы адамзаттық мәдениетіне негізделген білім мазмұнын құру, баланың мәдениет әлемімен (шағын, мезо, макро ) өзара әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Социомәдениет тұғыры құндылық туралы ілімге сүйеніп, адамның мәдениетпен объективті байланысының шарттылығы құндылық жүйесі ретінде қаралады. Бала дамуындағы басты идея жалпы мәдени құндылықтарды меңгеруі, табиғат пен адамды басты құндылық, қоршаған ортаның заңдылығына қарай үйлесімді өмір сүру тілегі. Адамзат алдында тұрған ұлы міндеттердің бірі –өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасы білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанын – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастарлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу ...» қажеттілігі айтылды. Бұдан мектепке дейінгі кезеңнен мәдени білім беру мазмұнын құру, білім беру құрылымын мәдени үлгілер мен өмір сүру нормаларын енгізу тұрады. Бұл мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің жалпы адамзаттық құндылықтарға, әлемдік және ұлттық рухани мәдениетке бағытталуын міндеттейді[2].
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ -ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕР НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕНТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Байназарова Ұлдан, Махамбетова Разия, Ізбасқан Қарлығаш «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері Атырау | Скачать статью