БОЛАШАҚ ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

  Валериева Жұлдыз, Бақтыгереев Абдуррахман, Қайыржан Манас 7М01504 - Білім берудегі физика 2 курс магистранттары Шаншарова Ақырыс Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті |    Скачать статью

Қазіргі дүниетанымға жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан ғылыми көзқарастарды қалыптастыруда молекулалық физиканы зерттеудің маңызы зор. Заттың құрылымы және оның әртүрлі қасиеттерінің соған байланысты екендігі физиканың бүкіл курсында оқытылатыны анық. Р.Фейман атап өткендей, «...барлық денелер үздіксіз қозғалыста болады және аз қашықтықта бір-бірін тартатын атомдар мен шағын денелерден тұрады, бірақ олардың біреуі екіншісіне жақын болғанда бірін-бірі кері тебеді». Бұл бір сөйлемге тым көп ақпарат жинақталғаны бәрімізге белгілі.