Мектепте «Молекулалық физика» пәнін оқытуда электрондық оқулықты пайдалану

  Ж.Е. Валериева, А.Ғ. Бақтыгереев, М.Б. Қайыржан, Х.Досмұхамедов, Ә.Қ.Инаматов, А.А Қапизоллаева (Қазақстан,Атырау қ) |    Скачать статью

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютерлер мен интерактивті құралдарды пайдалана отырып оқытудың нәтижелерін зерттеуде ғылыми міндеттерді шешу басты рөл атқарады. Себебі, оқыту процесін компьютерлендірудің жаңа педагогикалық-психологиялық мәселелері әлі толық шешімін таппаған. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдар қолданылады. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімдер мен оқушылар шығармашылықпен жұмыс істей алады.