ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

  Асем Уатаева, Айзат Умирбекова (Жезказган, Казахстан) |    Скачать статью

Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» [1] деп санайды.