Мектепке дейінгі шақта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-бұлшықет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс қалыптасуының негізі қаланады. Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойының дамуына дұрыс ықпал етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасады. Балалар құрбы-құрдастары ұжымында әрекеттенуді үйренеді; олар шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жолдастық, өзара көмек сезімі және т.б. қасиеттері қалыптасады.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ – САЛАУАТТЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Айкерим Мурзалиева, Раугаш Нурмаганбетова (Жезказган, Казахстан) | Скачать статью