ФОСФОРҒА СЕЗІМТАЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАНУАРЛАР ҚАНЫНДАҒЫ АНТИТОТЫҚТЫРҒЫШ ЖӘНЕ АНТИРАДИКАЛДЫ ЖҮЙЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ФОСФОРМЕН ЖІТІ УЫТТАНУЫ КЕЗІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ

  Намазбай Орманов, Рахат Пернебекова, Айгуль Ибрагимова, Ляззат Орманова (Шымкент, Қазақстан) |    Скачать статью

Бүгінгі күні адам организміне көптеген өндірістік химиялық заттардың және дәрі-дәрмектердің әсері күннен күнге кең тарап бара жатыр. Олардың организмге уытты немесе жанама әсерлерінен дерттік өзгерістер пайда болатыны көпшілікке белгілі. Бұл ксенобиотиктердің әсерлерінен дерттердің даму мүмкіншіліктері организмнің даралық сезімталдығына байланысты болады.