ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚАН ЭРИТРОЦИТТЕРІНДЕГІ ЛИПИДТЕРДІҢ АСҚЫН ТОТЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ФОСФОРҒА СЕЗІМТАЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҒДАЙЫ

  Намазбай Орманов, Рахат Пернебекова, Айгуль Ибрагимова, Ляззат Орманова (Шымкент, Қазақстан) |    Скачать статью

Организмнің фосфорға деген даралық сезімталдығы әртүрлі болатыны белгілі. Фосфор қоспаларымен сүлде уыттануы жұмысшыларда әр түрлі кезеңдерде пайда болады, мәселен, кейбіреулері бірден ауырады, фосфор өндірісінің кейбір жұмысшыларында кәсіптік ауру 7-10 жылдан кейін пайда болса, кейбір жұмысқа орналасқан адамдар тез арада дертке ұшырайды, ал басқаларында 15-20 жылдан кейін кездеседі, кейбіреулер көптеген жылдар бойы фосфор өндірісінде жұмыс істесе де ауырмайды.