ҚАН ЭРИТРОЦИТТЕРІНДЕГІ ЛАТ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ИНФИЛЬТРАТЫ ТАРАЛҒАН СЫРҚАТТАРДЫҢ АЦЕТИЛДЕУ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҒДАЙЫ

  Намазбай Орманов, Сауле Бисимбаева, Рахат Пернебекова, Талғат Орманов (Шымкент, Казахстан) |    Скачать статью

Ғылыми-практиқалық медицинаның өзекті мәселелерінің бірі туберкулезге қарсы күрес болып табылады. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулезімен ауырған науқастардың саны 113%-ға дейін көтеріліп, оның қүрделі асқынған түрлері жыл сайын адам өліміне әкеліп соғуда [1]. Туберкулезбен ауыратын нуқастарды емдеу барысында туберкулостатиктердің кейбір жағымсыз әсерлері байқалады. Ғылыми дәректер бойынша туберкулезге қарсы химиотерапиялық заттардың теріс, жағымсыз жанама әсерлерi 13% және 61,3%-да орын алады.