ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, психология ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан жастарды отбасын құрмай тұрып тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа отбасылық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн», демек Қазақстанның дамуы тек қана экономикасы мен саяси жүйесімен ғана емес,сонымен бірге отбасылық жағдайдың жақсы көрсеткіштерімен танылуы тиіс. Жастардың отбасын құруы мен дүниеге бала әкелуі, өз кезегінде Қазақстанда халық санының, яғни демографияның өсуіне алып келеді.
ҚАЗІРГІ ОТБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ
Даринаш Искакова, Асел Дауренбекова, Аида Райкулова (Тараз, Казахстан) | Скачать статью