Компьютердің сәулеті әдетте оның қолданушыға арналған қасиеттер жиынтығымен анықталады. Осыған байланысты есептеуіш машинаның функционалдық мүмкіндіктері мен құрылымына басты назар аударылады. Бұл мүмкіндіктерді негізгі және қосымша деп қарастыруға болады. Мұндағы негізгі функциялар ЭЕМ-нің ақпаратты өңдеу және сақтау, сыртқы ортамен ақпарат алмасу сияқты тағайындалуын анықтайды. Қосымша функциялар негізгі функциялардың орындалу тиімділігін жоғарылатады: оның жұмыс істеу тиімділігі, қолданушымен арадағы сұхбат және жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді. ЭЕМ-нің осы аталған функциялары аппаратты және программалық құралдар атты екі компонентке негізделген. Компьютер құрылымы – бұл копьютердің құрамына кіретін компоненттердің құрамын, ретін, сондай-ақ олардың өзара әркеттесу қағидаларын баптайтын модель болып табылады. Дербес компьютер деп – жалпы және әмбебап сұраныстарды толықтай қанағаттандыратын ЭЕМ-дерді айтамыз. ДК-дің ерекшеліктеріне: • Жеке сатып алушыға төмен бағада қолжетімді болып табылады; • Қоршаған ортаның қандай да бір міндетті талаптарынсыз орындалатын эксплуатацияның автономдылығы; • Компьютердің түрлі басқару, ғылыми, медицина және т.б. салалардағы қолдану аясын қамтамасыз ететін архитектураның иілгіштігі; • Операциялық жүйелер мен басқа да түрлі программалық қамтамасыздандырудың ешбір қиындықтарды туғызбай жұмыс істеуі; Жұмыс өнімділігінің жоғары сапалылығы. [1, с. 27] Қазіргі заманғы компьютерлер процессорларының даму деңгейлері. Орталық процессор (ОП; ағылшын тілінде central processing unit, CPU – орталық есептеу құрылғысы) – бұл машиналық командаларды орындаушы, компьютердің немесе операциялардың іске асуын қамтамасыздандыратын программаланатын логикалық контроллер бөлігі.
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП, ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУ
Алтай Шалтабаев, Максат Сеитбаев (Талдыкорган, Казахстан) | Завантажити статтю