БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ БӨЛІНІСІ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮРДІС

  Жанат Букенова (Тараз, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Демократиялық процестерді дамыту қашан да өзекті мәселелер қатарына жататыны сөзсіз. Бүгінгі күні әлемді жаулаған экономикалық кризистер, саяси дағдарыстар халықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтың дамуына кері әсер етіп, мемлекеттік және халықаралық аренада демократиялық әдістерді кеңінен пайдаланып дамыту өте өзекті мәселелер тізбегін құрып отыр. Осындай әдістердің бірі – билік тармақтарының дербестігін дамыту.