ТҮРКІСТАННЫҢ САЯСИ – ӘКІМШІЛІК ТАРИХЫ

  Малика Алиева (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазақтың жүрегіне ата қоныс болып жазылған Түркістан аймағының билігі XVIII ғасырдың соңына қарай қазақ қолынан кете бастады. Ең әуелі Тәшкент билігі қазақтың қолынан сусып шықты. Есім хан билік еткен заманда бұл қаланы Тұрсын ханнан тартып алып, одан арғы тағдырын Ұлы жүздің сұлтандарына тапсырған еді дейді қазақтың аңыз-хикаялары. Тәшкент маңының негізгі халқы болған екі сан қатаған тайпасының үлкен қырғыннан кейін аман қалғандары Ұлы жүздің арасынан өзіне орын тауып жан сақтағаны да осы себепті. «Төле бидің тарихы» атты дастанда қазақтың хандары мен билері Қаз дауысты Қазыбектің ордасында бас қосып Тәшкенттің билігін, алым-салықтан түсетін табысын Ұлы жүздің биі Төлеге барғаны айтылады [1, 64 б].