Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден белгілі болып келген. Дегенмен, ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі саяси реформалардың нәтижесінде біраз дүние өзгерді. Осы кезеңдегі қазақ қоғамының шаруашылық-мәдени әлеуеті ең алдымен табиғи-климаттық жағдайға байланысты дамыды. Қазақстанның экономикалық дамуы өзінің бірқалыпты еместігімен ерекшеленді. 1861 жылға дейінгі патшалық саясаттың заңнамаларында қазақтарды көшпелі қалпында қалдырып, егін шаруашылығымен айналысуына тыйым салыну керек делінді. Шекаралық комиссияның төрағасы генерал Ладыженский 1854 жылы Орынбор облысының генерал-губернаторынан қазақтардың құрылысына жол бергені үшін қатаң сөгіс алады. Орал, Ертіс, Тобыл, Есіл бойындағы жерлерді қолдануға тыйым салудың кесірінен қазақ шаруалары осы өзендердің бойында егін шаруашылығымен айналыса алмады.
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Асель Бимыкова (Астана, Казахстан) | Завантажити статтю