Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.