Даму – үздіксіз процесс. Басқаша айтқанда, адамның даму үрдісі оның бүкіл өмір бойына тән құбылыс. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Балалық шақ қоғамның рухани құндылықтары арқылы сипатталады. Әрі, балалық шаққа әр түрлі ғылым саласындағы мамандар көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Бала кезде адам айналасын танып, ерте есейгісі келеді. Бірақ, даму әрқашанда біртекті немесе біртіндеп, баяулап жүрмейді. Ол жедел қарқынмен, мақсатқа жетуге ұмтылумен ерекше мазмұнда болуы мүмкін. И.П. Павлов «Даму – ішкі жүйке үрдістерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі», – деп санаған. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, белгіліден белгісізге, ескіден жаңаға қарай бағыт ұстайды.
ДАМУ – ҮЗДІКСІЗ ПРОЦЕСС
Бейбітгүл Тұрғанбаева, Айман Болекбаева (Қабанбай ауылы, Қазақстан) | Завантажити статтю