Қазақ-орыс қостілділігіндегі интеркаляция мәселесі – қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі. Қостілділердің қазақша сөйлеу тіліндегі кездесетін интеркаляция құбылысын зерттеу көпқырлы кешенді ыңғайды талап етеді. Тілдегі интеркаляция құбылысының қазақ тілінің «сөйлеу нормасы» болып қалыптаса бастауы о баста тілді тең тұтынбау мен тең қолданбаудан келіп шыққан құбылыс деуге болады.
ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚОСТІЛДІЛІГІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЯТТА КЕЗДЕСЕТІН ИНТЕРКАЛЯЦИЯ (КІРІСТІРІЛГЕН БАЙҚАУ НЕГІЗІНДЕ)
Райхан Абнасырова (Алматы, Қазақстан) | Завантажити статтю