Қазақ басылымдарының қалыптасу және даму тарихының, журналистиканың зерттелуі жалпы ұлттық баспасөзіміздің тарихын түгендеу үшін ғана емес, бүгінгі қазақ журналистикасының даму бағыттарын өз деңгейінде айқындау, әрі жүйелеу үшін де қажет. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдар тарихын зерттеу ісі әлі де толық қолға алынбаған, әсіресе басылымдарға бел шеше араласқан қарымды қаламгерлер мен олардың көтерген мәселелері туралы аз жазылғандықтан, бұл іс осы зерттеу жұмысының үлесіне тиіп отыр.
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Сайлаухан Қожағұлов, Акмарал Жунисбекова (Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы) | Завантажити статтю