САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ САЯСИ МЕТАФОРА

  Саида Садуақасова (Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы) |    Завантажити статтю

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында, жаһандану дәуірінде адамның тұрақты коммуникациясының дамуына бұқаралық ақпарат құралдарының тигізер ықпалының зор екені анық. Когнитивті көзқарас тұрғысынан осындай әсер етудің мықты құралдарының бірі – метафора болып табылады. Адам баласы өзі өмір сүретін әлемді метафоралы ойлау, оны пайдалану арқылы құрады. Дж. Лакофф және М. Джонсонның пікіріне сүйенетін болсақ, біздің түсіну, қабылдау қабілетіміз метафоралық сипатқа ие, ойлауымыз, күнделікті тәжірибеміз мен тәртібіміздің өзі белгілі бір дәрежеде метафоралармен белгіленеді [1;387].