ТІЛЕК-БАТА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

  Саида Садуақасова, Назым Байтасова, Айнаш Ещанова (Талдықорған қаласы, Қазақстан Республикасы) |    Завантажити статтю

Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жағымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер - тәрбиенің бастау-бұлағы. Аталардың қасиетті өсиеті - замандар мен ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегінен өткізіліп тексерілген өмір тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспеттес.