БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

  К.Р. Ушакбаева (Тараз қаласы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

ХХІ ғасырда білім мен ғылымның жаңа белесі басталмақ. Ұлттық білім деңгейін, әлемдік білім кеңістігіне енгізу арқылы өркениетті мемлекет құруға қадамдар жасалды. Ал өркениетке жеткізер жол білім мен ғылым жолы екендігі жұртшылыққа мәлім. Демек білім беру проблемасы қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.