ІШКІ КОНТИНЕТТІК АУМАҚТАРДЫҢ АЛАПТЫҚ ГЕОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ

  Меруерт Мусабаева (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасы аумағындағы өзен алаптарының геожүйелері қалыптасуы мен даму жағдайлары бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Биік тау геожүйелер саласында геожүйелерді анықтау мен картаға түсірудің басты бірлігі болып микрогеожүйе рангісі «геожүйелік формацияның» үйлесімділігі болып табылады. Геожүйелік формацияның үйлесімділігі бұл кеңістікте әртүрлі үлестірімдерге ие, яғни геологиялық субстраттың бірыңғай эндогендік және экзогендік үрдістерімен, әр түрлі кешенді топырақ жамылғысы және биотомен бірге бір ғана биік белдеу жағдайында іске асатын табиғи-аумақтық кешені болып табылады.