Мектепке дейінгі кезде сөзді меңгеру және игеру үрдісі аяқталады. 7 жасқа қарай тіл баланың қарым-қатынасының және ойлауының құралы болып табылады. Сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Кіші мектеп оқушылары өздерінің сөйлеу ерекшеліктерін түсіне бастайды, сөздерді дұрыс естіп, дұрыс айтады. Сөздік қоры қарқынды дами түседі. Кейбіреулерінде көп, кейбіреулерде аз болады. Сөздің грамматикалық құрылымы дамиды. Сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі балалар бар сөздік қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құрай бастайды. Олар бұл кезде тіпті жоқ сөйлемдерді де құрастырып шығарады. Сонымен қатар қолданатын сөзін бала тым өткір және ұқсастырып күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Хадиша Ауезова, Айкерим Мурзалиева, Жулдыз Абенова (Жезказган, Казахстан) | Завантажити статтю