СИМВОЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

  Раушан Молдакулова (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Символдың ғылыми-теориялық пайымдауының түп-төркіні сонау Платонның идеялық теориясынан сабақталады. Философия тарихында тек Платон осы дүние ой және сезім арқылы танылатын екі әлемге бөлінетінін, заттың сыртқы мәнімен қатар ішкі мәні бар екендігін алғаш сөз еткен. Платонның ізімен материя мен форманың байланысы туралы концепцияны әйгілі Аристотель жасап кеткен. Осы іспеттес ғылыми көзқарастардың нәтижесінде символ метафизикалық және рационалдық арналарда байыпталды. Оның көріністерін біз Псевдо-Дионисий Ареопагит, И.Д.Эриугеиа сынды көне грек философтарының еңбектерінен кездестіреміз. Кейін бертін келе, символды пайымдаудың екі түрі П.А.Флоренский және А.Ф.Лосев сияқты белгілі орыс ғалымдарының философиялық ілімдерінің негізі болды. Мысалы, П.А.Флоренский символдың метафизикалық, рухтық аспектісін ерекше атаса, А.Ф.Лосев оның рационалды қырына, құрылысына баса мән береді.